Жылыой аудандық ауруханасына ИВЛ аппараты табысталды

Ауданымыздың кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен ыстық тамақпен, шұбат, қымызбен қамтамасыз етілуде.

Жылыой ауданының коронавирус індетімен күресуі бойынша әлеуметтік желілерде медицина саласына көптеген сын-пікірлер жазылуда.

Осы орайда, Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов аудандық инфекциялық аурухананы, провизорлық стационарды аралады. Аралау барысында медицина қызметкерлері барлық жеке қорғаныс құралдармен қамтылғаны және орталық аурухананың қорында қосымша жеке қорғаныс құралдары бар екені және инфекциялық аурухана, провизорлық стационар санитарлық талаптарға сай екені анықталды.

Күні-түні аянбай еңбек етіп жатқан ақ халатты дәрігерлерімізді демеу мақсатында ауданымыздың кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен ыстық тамақпен, шұбат, қымызбен қамтамасыз етілуде.

Сонымен қатар, Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "СОС Realty" мекемесінің демеушілігімен аудандық ауруханаға 1 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты 14 шілдеде табысталды және аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен, қолдауымен 10 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты алынуда.

14 шілдеде "Жас Ұрпақ құрылыс" ЖШС-нің демеушілігімен провизорлық стационарға қосымша 3 заман талабына сай салқындатқыш табыс етілді.

Жылыой аудандық жедел штабы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521