ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

ken-zhyloi.kz

ШЕШІМ №1

Жылыой ауданы Ақкиізтоғай селолық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Құлсары қаласы                                                                                        15 наурыз 2021 ж.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 4 бөлімі, 87 бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36, 36-1 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадығы №438 Жарлығына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай селолық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың 27 сәуіріне тағайындалсын.

1. Сайлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қосымшаға сәйкес «2021 жылдың 27 сәуір күнгі, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай селолық округі әкімінің сайлауын өткізу және ұйымдастыру бойынша негізгі күнтізбелік жоспары» бекітілсін.

2. Келесідей сайлау шараларының өту мерзімдері анықталсын: Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылдың 27 наурыз күні басталып, 2020 жылдың 2 сәуір күні аяқталады. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2021 жылдың 27 наурыз күні басталып, 2021 жылдың 2 сәуір күні аяқталады.

3. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдырында жариялансын.

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

З.Калмуханова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT