Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Жылыой аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының VII шақырылған Жылыой аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы

ХАБАРЫ

2021 жылғы 10 қаңтарда Жылыой ауданы бойынша VII шақырылған Жылыой аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Аудан бойынша сайлаушылар тізімінде 55324 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 34617 сайлаушы сайлау бюллетендерін алды немесе 62,57 % .

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны 34617, оның ішінде 5 есептен шығару куәліктері бойынша, 3261-і дауыс беруге арналған үй жайдан тыс жерде.

Сайлауға 3 саяси партиялар қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін келесі сандарда дауыстар берілді:

«Nur Otan» партиясы - 26730 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 79,76 проценті;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 4600 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 13,73 проценті;

«ADAL» саяси партиясы - 2181 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,51 проценті;

Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар былайша бөлінді

«Nur Otan» партиясы – 13;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы –2

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес VII шақырылған Жылыой аудандық мәслихатының I сессия 2021 жылғы 15 қаңтардағы сағат 11.30-да Жылыой ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында өтетіндігін хабарлайды.

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521