Жылыойға жаңа имам келді

Ол 2018-2019 жылдары Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде веб-менеджер маманы қызметін атқарды.

Жұма күні Жылыой мұсылмандары орталық мешітінде өткен жұма намазында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы, «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек қажы Ұтысханұлы жиналған жамағатқа ауданның жаңа бас имамы Жасұлан Қағазғалиевті таныстырды.

Жасұлан Қуанышұлы Алматы қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы имамдар білімін жетілдіру ислам институтында «Имам хатиб» білімін алды. 2018 жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет-ислам мәдениеті университетін «исламтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Имамдық қызметті алғаш 2008 жылдың 19 шілдесінде өзінің туып-өскен жері Индер ауданының Есбол ауылдық мешітінде бастады. Кейін 2014 жылдан «Иманғали» орталық мешітінің азаншысы болып, 2017 жылдан Алматы қаласындағы Бостандық ауданының «Орбита-3» ықшамауданындағы мешітте ұстаздық етті.

2018-2019 жылдары Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде веб-менеджер маманы қызметін атқарды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Арман Исаев «Иманғали» мешітінің найб имамы қызметіне ауыстырылды.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521