Жылыойда ерекше білімді қажет ететін балаларды қорғау кабинеті ашылды

Жылыой ауданы, Құлсары қаласында №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ерекше білімді қажет ететін балаларды қорғау кабинеті ашылды.

Бұл кабинет №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп пен “Сенім тірегі” қоғамдық қорымен бірлескен Меморандум негізінде ашылып отыр.

Бұған дейін де осы оқу жылының қыркүйек айында №16 Д.Жазықбаев атындағы орта мектептен ашылған болатын.

“Сенім тірегі” қоғамдық қорының жетекшісі Самал Аманжолқызы инклюзивті қолдау кабинетін ашудағы басты мақсаты - ерекше білімді қажет ететін оқушыларға жан - жақты қолдау екенін айта келе, барлық білім беру ұйымдарында осындай кабинеттер болса, оқушылардың дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Кабинетте 4 педагог ассистент 3 оқушыға қызмет көрсетеді. Облыстың психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңесінің қорытындысы бойынша әр оқушыға педагог ассистент тағайындалған. Әр оқушымен ABBLS жеке бағдарламасы арқылы жұмыс жасалатын болады.

Мектептегі инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеті бұл төрт аймақтан тұратын заманауи кеңістік. Атап айтқанда жеке сабақтар өткізуге арналған аймақ, топтық жұмыстар өткізуге арналған аймақ, баланың демалу аймағы мұғалімдер мен мамандардың ұжымдық жұмыс аймағы.

Оқу кабинеті соңғы заманауи үлгідегі оқу құралдарымен жабдықталған. Педагогтардың сүйемелдеуімен оқушыларды қалыпты балалардың қатарына қосу - инклюзивті қолдау кабинеті мамандарының мақсаты. Ерекше балалармен жұмыс жасау үшін ИҚК мамандары арнайы курстардан өтіп келіп, жаңа әдіс - тәсілдермен жұмыс бастамақшы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT