Жылыой аудандық штаб жұмысын жалғастыруда!

Қазақстандықтар тарихи таңдаудың қарсаңында Ел алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу - саяси дамудың келесі кезеңі екенін түсіну қажет. Бұл - уақыт талабы. Себебі ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысу қажет.

Президент Қ.Тоқаев суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшу туралы айтты. Сонымен бірге Жолдауды жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау ескерілген. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды және азаматтар ол туралы біліп, оқып, оған дауыс беруі керек.

Бұл азаматтардың иглігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам белсенділік танытуы тиіс. 13 мамыр 2022 жылы сағат 10:00-де «AMANAT» партиясының Жылыой аудандық филиалы жанынан құрылған арнайы штабтың мүшелері: Темірбаева Шынаргүл Жаңайқызы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы, штаб төрайымы, Аудандық мәслихат хатшысы және мәслихат депутаты, штабтың орынбасары - Таласов Сайлаубай Сұлтанғалиұлы, партия ардагері, аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау қоғамдық кеңестің төрағасы – Даулетбаев Ерқұл Сабырұлы, «Құлсары газеті» бас редакторы, аудан белсендісі – Сисенбердиев Әбдіхалық Жанкейұлы) аудандағы "Жылыймұнайгаз" МГӨБ қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Референдумға бір кісідей қатысып, өзгерістерді қолдауға шақыру болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521