Жылу беру маусымында қауіпсіздік мәселесіне бейжай қарауға болмайды

Жылу беру маусымының басталуына байланысты Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, «Жылыойгаз» ЖШС-ның қызметкерлерімен бірлесіп, өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бағытында іс-шара ұйымдастырды.

Аталған мекеме қызметкерлері №20, №21 мектептерде болып, мұғалімдер мен оқушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізді. Шара барысында бейнебаян арқылы газ мұржаларын пайдалану және орнату ережелері түсіндірілді. Қауіпсіздік шараларына нұсқама көрсетіліп, жадынама таратылды.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521