Жылойлық отбасы атыраулықтарды сапалы шұбатпен қамтуда

Жылыой ауданындағы шаруақожалығы Атырау тұрғындарын жаңашұбатпен қамтамасыз етуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қарағай ауылының маңында орналасқан "Санат" шаруа қожалығында 200 түйемен 40 төл бар, ал шұбат өндірісіменбүкіл отбасы айналысады. БүгіндеЖылыой шұбатының дәмі мұнайлыастана тұрғындарына жақсы таныс."Сана" шаруа қожалығының сүт өнімдеріауылшаруашылық жәрмеңкелерінде де, дәстүрлі сауда орындарында - үйжанындағы дүкендер менсупермаркеттерде де сатылады.

Шұбат Қарағай ауылында өндіріледі.Түйелерді сауумен келіндер айналысады,ал тікелей шұбат өндірумен - шаруақожалығының басшысы ЖазШунгиловтың жұбайы айналысады.Әйелдер үшін жұмыс таңғы сағат бестен басталады. Таңертең шаруашылық 40литрге дейін сүт алады, содан ең дәмдішұбат жасалады. Дайын өнім Атырауқаласына және Жылыой ауданыныңауылдарына жеткізіледі. "Сана" шаруақожалығының өкілі Бейбіт Мұхтарайтқандай, шұбатты жазда сақтау өтеқиын. Сондықтан бизнесті қолдауғабағытталған "Тандау" жобасына қатысутуралы шешім қабылданыпты.

 

- Біз "Тандау" жобасына қатысу үшінбарлық құжаттарды жинап, тапсырдық. Нәтижесінде грант жеңіпалдық! Бұл қаражатқа күн электрстанциясы мен тоңазытқышжабдықтары сатып алынды. Бізсондай-ақ дайын өнімді сақтау үшінарнайы орын жабдықтадық. Ендібіздің шұбат ұзақ уақыт бастапқы дәмін сақтап тұра алады, - деді Бейбіт Мұхтаров.

Айта кетейік, биыл Жылыой ауданының44 кәсіпкері "Тандау"жобасы бойынша қаржылай қолдау алды. Бұл жобаны Жылыой ауданын дамыту бағдарламасышеңберінде "Теңізшевройл" ЖШСқолдауымен "Орталық Азияның Еуразия "қоры жүзеге асырады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT