Жылойда үздік келіні анықталды

Соңғы жылдары елімізде отбасы тәрбиесі, құндылықтары мәселесіне мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлінуде. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеу­меттік орта. Отбасы белгілі дәстүр­лер­дің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отба­сында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі.

Бүгінгі таңда округ бойынша 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін 4217 адам, 823 тұрғын үй,1032 отбасы бар.

"Қосшағыл" мәдениет үйінде   "Ана - өмір шуағы" атты ауылдағы келіндер сайысы өткізілді. Сайыс «Тегін білу – тектілік» деген тақырыптағы таныстыру, "Сыр-сандық" атты сұрақ -жауап , "Қазақтың келіндері-ай" атты келіннің бір күндік өмірінен бейнеролик , "Өнерлі өрге жүзер" деген өз өнерін көрсету және "Ана көрген тон пішер" атты қолөнер байқауы кезеңдері бойынша жүргізілді. Сайысқа ауданымыздың Аналар кеңесі төрайымы З. Қалмұқанова, мұнайшы - ардагер М.Малашқызы және Т.Құлтумиев атындағы 1саз мектебінің директоры Г.Аязовалар әділқазылық етті.Сайыс өз мәресінде жақсы деңгейде өткізілді. Сайыс соңында жүлделі 1-орынды Б.Исахан, 2-орынды Н.Қайнарбаева,3 - орынды А .Тілепбергенова иеленді. "Өнегелі келін", "Ақылды келін"және "Шебер келін" номинациялары бойынша жүлдені А.Жұманова, А.Харенова, А.Ізімова иеленіп, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқауда аудан өнерпаздары көңілді әндерімен көрермендерге көтеріңкі  көңіл- күй сыйлады.

Биылғы жылғы 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай «Кең Жылой» газетінде Қосшағыл ауылындағы үлгілі отбасылардың бірі Кенжеғали Байғұршынов ағамыз туралы мақала жарияланды. Осы аталған мерекеге орай әлеуметтік желіде «Жас отау иелеріне бата беру» челленджі ұйымдастырылды.

Жайдары жаздың алғашқы күні 1 маусымда  Қосшағыл ауылдық  мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерт өткізілді. Мерекеге сай безендірілген Бешім-ата саябағына ауыл халқы көптеп жиналды. Мерекелік шара шымылдығын жүргізуші Д.Смайлов ашып, биылғы Балалар жылы қарсаңымен тұспа- тұс келіп отырған  мерекемен  барша бөбектерді құттықтады. Сахна төріне  ең алғашқы  болып өнерпаз бүлдіршін   А.Елубай  шығып, «Туған жер» әнін нақышына келтіре орындады. Кезек ауылымыздағы «Мейірім» бала бақшасының бір топ бөбектеріне беріліп,  кішкентай бүлдіршіндердің «Кеселер» биіне  көреремендер зор ықыласпен қол соқты. Кішкентай балдырғандар К.Жексенбай, А.Қайнарбай, А.Сабыр, І.Муслим, Д.Нухы, А.Орынбасар, Г.Ербөлекова, А.Орынбасар,М.Сокол, Д.Ғалымқызының  әдемі  әндерімен   және №2 мектеп оқушыларының би топтарының  тамаша билерімен концерт жалғасын тапты.Мерекелік концерт соңында концертке қатысушы өнерпаздарды алғысхаттармен  марапаттап,естелік сыйлықтар табыс етті.

Отбасыларда орын алып жатырған зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын алу мақсатында жыл сайын 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында ауылда шаралар ұйымдастырылып отырады. Атап айтсақ, ауыл тұрғындары көп шоғырланатын жерлерге плакаттар және көшеге баннер орналастырылды. Ауыл тұрғындарына тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын-алу жөніндегі жадынамалар мен буклеттер таратылды. «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілетін болады. 2022 жылдың 6 айында тұрмыстық-зорлық зомбылық бойынша әкімшілік іс тіркелмеді.

Қосшағыл ауылында 28 әйел адам кәсіпкер ретінде тіркелген. Олардың басым көпшілігі сауда саттықпен айналысады.

Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

 

С.Баселов,

Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521