«Жыл белсендісі - 2019» байқауына өтініш қабылдау басталды

Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен қайырымдылыққа үлес қосып жүрген азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және еріктілер тобы қатыса алады. Байқаудың мақсаты – облыстағы белсенді азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік кәсіпкерлердің жетістіктерін насихаттау, әр бағыт бойынша жыл үздігін анықтау. Үздіктер бес номинация бойынша анықталады:

- «Үздік ҮЕҰ» ;

- «Қоғам белсендісі» ;

- «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» ;

- «Үздік еріктілер тобы» ;

- «Үздік аудандық ҮЕҰ» .

Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 200 мың теңге сыйақы табысталады. Өтінімдер 10 желтоқсанға дейін қабылданады. Байқаудың ұйымдастырушысы - Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы. Қосымша ақпаратты npoatyrau.kz сайтынан алуға болады

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl