Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген Ұлттық даму жоспарының жаңа моделінде мемлекеттік мүдделер азаматтың айналасында тоғысатындығы айқындалған. Оны қалыптастыру игілік пен міндеттерді әділ бөлу, адами капиталды дамыту, мемлекеттің шешімдер қабылдауы және сол үшін қоғам алдындағы жауапкершілік секілді 7 негізгі қағидатқа негізделген.
Осы орайда мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган –
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жыл басынан бері мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 274 тұлғаның құқығын қалпына келтірді. Соның ішінде, арыз-шағымдарды қарауқорытындысымен 25 азаматтың құқығы қорғалып, 334 981 теңге көлемінде қаражат өндірілді. Сонымен бірге, 249 қатардағы мемлекеттік қызметшінің де құқығы қалпына келтірілді.
Департамент қызметінде заңдылық, ашықтық қағидаттарына негізделген. Азаматтар құқығы мен бостандығы және заңдымүдделерi мемлекет мүддесінің алдында басым тұрады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы – департаменттың басты назарында. Осы тұста, бірқатар бастамашыл талдау жұмыстары жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы, соның ішінде, іс сапар шығындарының төлеу барысында тиісті талаптарды бұзушылықтың алдын алу мақсатында талдау жүргізіліп, 105 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, сәйкесінше, 5,8 млн.теңге қаражат өндірілді. Негізсіз артық төленген 154 мың теңге көлеміндегі іс сапар шығыны бюджетке кері қайтарылған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары бұзылып, екі мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану туралы заңсыз өкімнің күші жойылды.Бір мемлекеттік қызметшіден бюджетке негізсіз қайтарылған 182 мың теңге көлеміндегі қосымша ақысы қайта өндірілді. Бұдан өзге, артық жұмыс жасау дерегінің жолын кесу мақсатында жүргізілген талдау қорытындысымен қазіргі таңда 116 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды. Оларға тиесілі демалыс уақыты берілген болса, артық қызмет жасатуға негізсіз жол берген 9 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Атап өту қажет, заңнамалық толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған концепциясы бекітілген. Осы тұжырымдамада мемлекеттік қызметті кәсібилендіру тетіктерін көрсете отырып, сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағытында нақты жоспарлар айқындалған.
Ендігі уақытта Департаменттің алдында осы тұжырымда аясында
да бірқатар шараларды атқару жұмысы көзделген, сәйкесінше, оның да орындалатынын атап өткен жөн.
Н. Еркебаев,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі
кеңес төрағасы