Жыңғылдыкөлде «тұншыққан» балықтар

«Ақ Жайық» сайтының хабарлауынша, Жем ауылдық округіне қарасты Тұрғызба ауылынан 20 шақты шақырым қашықтықта орналасқан Жыңғылдыкөлде балықтар жаппай қырыла бастаған.

Бұл жөнінде журналистерге осы ауылдың бір тұрғыны бейнежазба арқылы хабарлама таратқан. Онда қатты ыстықтан аңқасы кеуіп бара жатқан тайыз су айдынында тұншыққан шабақтардың топ-топ болып жағалауға шығып жатқанын көреміз.

Біз бұл жөнінде Жем ауылдық округінің әкімдігіне хабарласқан едік. Бірақ ауыл әкімі Бисенбай Қариевпен сөйлесудің сәті түспеді. Округ басшысы орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан келген қызметкерлерден құрылған жұмысшы тобымен бірге Жыңғылдыкөлді бетке алып кеткендігін білдік. Арнайы мамандар нақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, аяқтағаннан кейін ғана оқиғаның мән-жайы белгілі болмақшы екен. Алдан ала болжам бойынша шабақтардың қырылуына қатты аптапты ыстықтың салдарынан су айдынының ішінара құрғауы себепші болуы мүмкін. Өкінішке орай, әуесқой балықшылар мұндай оқиғаның жылда қайталанатындығын айтып жүр. Оған нақты себеп: көктем мезгілінде құқық қорғау органдарының аудан айдындарынан су маржанын аулауға тыйым салады, соның салдарынан өзек-көлдікте тартылып, қалып қойған су бүлініп, соның салдарынан балыққа оттегі жетіспей тұншығады екен.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521