Жүргізушілік куәлігі жоқ «жүргізуші»

БҰРЫН КӨЛІКТІ БАЙЛЫҚ ПЕН ДӘУЛЕТТІҢ БЕЛГІСІ ДЕП ҚАРАЙТЫН БОЛСАҚ, ҚАЗІР ОЛ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЖЕТТІЛІККЕ АЙНАЛДЫ ДЕУГЕ БОЛАДЫ. ӨЙТКЕНІ, ҚАЗІР ЕКІНІҢ БІРІНДЕ КӨЛІК БАР, ЕКІНІҢ БІРІ КӨЛІК ЖҮРГІЗЕ АЛАДЫ. КӨШЕЛЕРДЕ КӨЛІК НӨПІРІ КӨБЕЙГЕСІН, ЕЛІМІЗДІҢ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫН ЖИІ БҰЗАТЫН ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҚАТАРЫ ДА АРТА ТҮСКЕНДЕЙ. ТІПТІ, СОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУГЕ МҮЛДЕМ ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ АЗАМАТТАР ДА КЕЗДЕСЕДІ. АЛ ОНДАЙ «ШӨПІРЛЕРДІҢ» ТЕМІР ТҰЛПАРДЫ ЗАҢСЫЗ ТАҚЫМДАҒАНЫ АЗДАЙ, ІШІМДІККЕ ТОЙЫП АЛЫП РӨЛГЕ ЖАРМАСАТЫНЫН ҚАЙТЕРСІҢ?!

Таяуда аудандық сотта Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен азамат С.-ға қатысты қаралған әкімшілік іс – дәл соныі айғағы.

Сотта анықталғанындай, құқық бұзушы көлік құралын басқару құқығын берілетін жүргізушілік куәлікті мүлдем алмаған. Бірақ соған қарамастан, ол спирттік ішімдіктің буымен көз адында тұрған темір тұлпарды көргенде «батылдығы» ұстап, тізгініне жармаса кетеді. Сөйтіп автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарып, жол тәртіп сақшыларының көзіне түскен.

Мұндай мас жүргізушілер үшін заңда қандай жаза өолданылатынын білгіңіз келе ме? Бұл жөнінде Әкімшілік құқық бұзуышлық уралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарған адамға жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза көзделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімінің 1-тармағының 1) тармақшасында: «Жүргізуші көлік құралын оны басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі негізінде басқаратыны» қарастырылған. Осы қағиданың 2-бөлімінің 4-тармағының 2) тармақшасының талаптары бойынша жүргізушіге алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынған.

Алайда, көріп отырғанымыздай, жүргізуші заңның осы талаптарын қонышынан басып, заңсыздыққа жол берген. Сондықтан жол тәртіп сақшылары оны тоқтатып, заңсыздыққа жол бергені үстінен әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдаған еді. Сот отырысында С. кінәсін толықтай мойындап, жүргізуші куәлігінің жоқ екендігіне қарамастан, көлікті ішімдік ішкен мас күйінде басқарғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып жауап берді.

Аудандық соттың қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

А.КӨПТІЛЕУОВА,
аудандық соттың жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521