Жұмыссыздық мәселесін шешу үшін...

Жуырда аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аудан тұрғындарын еңбекпен қамтуды көздейтін шара «Жастар үйі» ғимаратында өткізілген болатын. Жәрмеңкеге келген жастармен қатар, жасы егде жандардың да қарасы көп болды.

«Теңізшевройл» ЖШС-ның ірі мердігер мекемелері, соның ішінде: «Велесстрой», «Новус Болашақ», «Құлсарыгаз», «FSSA», «Даларо», «ЮСС Супорт Сервисез», «Сенімді Құрылыс», «Денхолм жолдас», «COCR Realty» ЖШС-тері және т.б жиырма шақты мекеме өкілдері жұмыссыздармен кездесті.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келген тұрғындардың арасында Қайрат Дүйсемалиев есімді құлсарылық тұрғын да бар.

-SK», «ESS» секілді мекемелерге түйіндемемді құбырмонтаждаушы маманы бойынша бос жұмыс орындарына тапсырдым. Енді жауабын күтетін боламын,- дейді ол.

Сондай-ақ кең көлемде өткізілген жәрмеңкеде үміткерлерге «жүргізуші», «тоқ жөндеуші», «оқшаулаушы», «ас бөлме қызметкері», «еден жуушы» және т.б мамандықтардан тұратын 200-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Оған 400-ден астам жұмыссыз тұрғындар түйіндемелерін тапсырып, бүгінде оң шешімін күтуде.

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT