«Жомарт Жүрек» иегерлері анықталды

Марапаттау

Бүгін Жылыой ауданының әкімі  Халел Жамалов «Жомарт Жүрек» номинациясы бойынша анықталған лауреаттарды салтанатты түрде құттықтады.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатырған «Жомарт Жүрек» халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді кіші отанын дамытуға ынталандыру және меценаттық пен қайырылымдылық идеяларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда.

Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Умирзак-Сервис» ЖШС-і;

Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясы бойынша «Аспар Қашаған» ЖШС-і;

Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша «Мұқан Сервис» ЖШС-і;

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушлік жасағаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша «Тулендиев Б» ЖК;

Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен еріктілік» номинациясы бойынша «Жас Ұрпақ-Құрылыс LTD» ЖШС-і дипломмен марапатталды.

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілгеннен бері ауданымыздағы кәсіпкерлеріміз Азаматтық белсенділік танытып, орталық аурухананың дәрі-дәрмек қорларын толықтыру, қажетті медициналық құрал-жабдықтарды алуға демеушілік көмек көрсеткендерге алғысым шексіз. Пайдалы әлеуметтік және қайырымдылық қызметті одан әрі жалғастырып, ауданымыздың игілігіне арналған әлеуметтік бастамаларды іске асыруға табысты тәжірибе үлгісі болуды тілеймін,- деді аудан әкімі Халел Жамалов.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521