Биылғы Жолдауды тыңдай отырып, елге де, әр адамға да ортақ үлкен жауапкершіліктің иісі сезілді.
Мемлекет басшысы айтқан әрбір бастама — бүгінгі күннің күйбеңінен әріге көз тастап, ертеңгі ұрпақтың тағдырын ойлаудан туған дүние сияқты.
Мен үшін бұл Жолдау — құрғақ жоспар емес, қайта қоғамның тамырын басып көрген нақты қадамдар топтамасы болды.
Маған ең ұнаған тұсы – әділдік пен ашықтыққа басымдық берілуі. Себебі кез келген реформа халықтың сенімінсіз жүзеге аспайды. Сенім болса – өзгеріс те болады, ал өзгеріс болса – елдің еңсесі көтеріледі. Сол себепті биылғы Жолдауды жаңа бетбұрысқа бастайтын, нақты іс пен нәтижеге негізделген маңызды құжат деп қабылдадым.
Айжанат Қазиева


