Жолдау жүктеген міндеттер

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. 

Бұл жолғы Жолдауда ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған негізгі стратегиялық бағыттар мен нақты міндеттер белгіленді. Президент экономикалық өсімді қамтамасыз ету, бюджетті тиімді жоспарлау, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ өңірлік дамуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы жергілікті басқару органдарының қаржылық дербестігін арттыру, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету, халықтың сұранысына сай нақты жобаларды жүзеге асыру қажеттігін баса айтты.

Президент Жолдауындағы осы басымдықтар Жылыой ауданының дамуына да тікелей қатысты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджет тиімді және мақсатты түрде пайдаланылуы қажет.

Жылыой ауданының 2025 жылға кірістер және шығыстар жоспары 259,3 млрд. теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен 657,2 млн. теңге (0,3%), облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге (1,0%), жергілікті бюджеттен 256,2 млрд. теңгені (98,7%) құрайды.

Әр сала бойынша:

1) Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша 1,2 млрд. теңге (0,5%);

2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша 16,9 млрд. теңге (6,5%);

3) Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк бойынша 2,2 млрд. теңге (0,8%);

4) Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары бойынша 2,1 млрд. теңге (0,8%);

5) Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша 525,0 млн. теңге (0,2%);

6) Көлiк және коммуникация бойынша 17,8 млрд. теңге (6,8%);

7) Басқалары бойынша 218,6 млрд. теңгені (84,4%) құрайды.

Жергілікті бюджет есебінен іске асырылатын жобалар (18 жоба):

Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі бойынша (10 жоба):

1) Құлсары қаласы Атырау ықшам ауданында қала ішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту (22,2 шақырым);

2) Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы автомобиль жолдарының қайта жаңғырту бастауға (4 кезең) (75,2 км);

3) Құлсары қаласында жаяу жүргіншілер тротуарлары мен веложолдарын салу (1, 2 кезек);

4) Ақмешіт тарихи кен орнының автомобильдер жолдарын қайта жаңғырту;

5) 4 елді мекеннің ауылішілік жаңа автокөлік жол құрылысы (Шоқпартоғай, Тұрғызба, Қосшағыл, Ақкиізтоғай);

6) Құлсары қаласына әлеуметтік маңызы бар ғимараттардың алдына автотұрақ құрылысын салу (24 дана);

7) Нұрманов және Сариев көпірі автожолының үдеткіш және тежеу жолақтарының құрылысы;

8) Тұрғызба тас жолында үдеткіш және тежеу жолақтарын салу;

9) Құлсары қаласындағы Тайманов және Әбдірахманов көшелері бойында орналасқан автомобиль көпірін күрделі жөндеу;

10) Құлсары қаласындағы 6 көшені орташа жөндеу жүргізу (Ізбасов, №88 және Кенғанов, Алтынсарин, Нарынбай, Таңқыбаев көшелері);

Тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша (3 жоба):

1) Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы магистральды кәріз құбырын қайта жаңғырту (5 км);

2) Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы «Атырау» шағын ауданындағы магистральды су құбырын қайта жаңғырту (12 км);

3) Құлсары қаласындағы көпқатарлы тұрғын үйлерге біртұтас архитектуралық келбет беру мақсатында тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын күрделі жөндеу жұмыстары;

Құрылыс бөлімі бойынша (5 жоба):

1) Жылыой ауданы Құлсары қаласының Теміржолшылар шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы;

2) Жылыой ауданы Құлсары қаласы Барлаушы ықшам ауданына дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы;

3) Құлсары қаласына, 1 дана мал өлекселер моласы (скотомогильник) құрылысы;

4) Құлсары қаласы Атырау ықшам ауданында мұз айдынының құрылысы;

5) Жылыой ауданы Құлсары қаласында мәдени-демалыс орталығының құрылысы жасақталуда.

Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі тарапынан бюджет қаражатын жоспарлау кезінде халықтың сұранысына сай нақты жобаларды жүзеге асыру және бюджетін қаражатын уақытылы, тиімді, мақсатты, нәтижелі атқару үшін мониторинг жүргізіп, бақылау жасау үнемі назарда болады.

Дүсіпова Жанар Амангелдіқызы,

Жылыой аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT