Жолдау – жарқын болашаққа жолдама

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын аудан активімен талқылау бойынша отырыс өтті.

7 қыркүйек 2021 жылы Жылыой ауданы әкімі Х.Жамаловтың төрағалығымен 2021 жылдың 1 қыркүйегінде өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аудан активімен талқылау бойынша отырыс өтті.

Активке қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, «Nur Otan» партиясы, аудандық мәслихат хатшысы, Қоғамдық кеңес төрағасы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, құқық қорғау орган басшылары, денсаулық сақтау ұйымының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов өз кезегінде:

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін нақтылап айтты. Бұл ауқымды Жолдау, өйткені, онда ел дамының өте үлкен жоспарлары белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ, - деді.

Сондай-ақ, Жылыой аудандық мәслихатының хатшысы С.Таласов:

Біз үшін ең маңыздысы - әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі - елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Жолдауда көтерілген мәселелердің бірі Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау туралы, Мықты, әділ әрі озық мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы барлық өзгерісті еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асыру қажеттігін айтты.

С.Өтебаев атындағы Жылой мұнай және газ технологиялық колледжінің директоры М.Ибраев:

2021-2022 оқу жылынан бастап Кредиттік-модульдік оқыту технологиясына ендік. Кредиттік оқыту технологиясы оқу орнына, нысанына және мерзіміне қарамастан, оқытудың бүкіл кезеңі ішінде біліктілікті беру үшін бағалау арқылы оқыту нәтижелерін тануды және ауыстыруды көздейді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында индустриялық кеңестің қызметін ұйымдастыру тармағы бойынша түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін шешу үшін колледжде сараптамалық және техникалық көмек көрсету жөніндегі Индустриялық кеңес құрылғанын жеткізді.

№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директоры С. Кабдрахманова:

1 қыркүйек Білім күні Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтарға арналған дәстүрлі жолдауын жасады. Біз білім саласының қызметкерлері мемлекет басшысының жолдауын ықыласпен тыңдап, үлкен үміт күттік. Ол үмітіміз ақталды. Біз «Алты алаштың басы қосылса төр мұғалімдікі» деп ұстазын сыйлаған. Бір әріп үйреткен ұстазға 40 жыл құрмет көрсеткен, дана халық ұрпағымыз.Елімізде болған пандемия кезінде ұстаздар қауымы да, табандылық көрсетіп, қашықтықтан оқытуды меңгерді. Ата-аналарда ұстаз қадірін жіті түсінді деп, білемін. Президент жолдауында қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысын 25% көбейту тапсырылды. Бұл ұстаздар қауымына мемлекет тарпынан қолдау деп түсінеміз және осы жолда аянбай еңбек етеміз. Кешегі пандемия кезінде көптеген ер азаматтары жұмыссыз қалғанда, мүғалімдердің жалақысы сақталғанын жеткізді.

Жаңа Қаратон әкімі аппаратының бас маман-заңгері А.Сарсенбаева:

Осы жолдауда менің жүрегіме жақын болған тараулардың ең маңыздысы тіл туралы бөлімі болды. Ия, тіл үлкен саясаттың құралы. Әр қазақ үшін қасиетті тіліміздің жоғалып кетпеуі үшін жасалып жатқан жұмыстар орасан екенін білеміз. Президент Жолдауында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келетінін, мұндай дәрежеге жету үшін жұмыла жұмыс жүргізу керек екенін атап айтты. «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйрену керек» - керемет айтылған сөз емес пе?! Өз тарапымнан қазақ тілі толықтай іс-қағаздардың жүргізілуіне қолданылса қуанар едім, ол күнде алыс емес екеніне сенемін, – деді.

Жиын соңында Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов жергілікті атқарушы органдардың басшылары, «Nur Otan» партиясы мүшелері , БАҚ өкілдерінен бүгінгі жиналыс барысында айтылған мәселелерді әрбір ұжымға жеткізіп, Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді әрі қарай насихаттау жұмыстарын жалғастыруды сұрады.

Толық баяндама мәтіндерімен газетіміздің кезекті сандарынан таныса аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521