Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын өтті.
Жиында аудан әкімі Ж. Қаражанов: «Берілген барлық тапсырма бойынша бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет. Таза Қазақстан – Мемлекет басшысының маңызды бастамаларының бірі. Бізге жүктелген міндеттерді орындап, жақсы нәтижеге жетуіміз қажет. Бұл жұмыстардың барлығы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған», – деді.
Жиында Қоғамдық кеңес төрағасы мен дербес және арнайы бөлім басшылары өз бағыттары бойынша сөз алып, пікір алмасты. Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық даму, өңірлік инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, заң мен тәртіпті нығайту және «Таза Қазақстан» бастамаларын іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.
Осы жұмыстардың нәтижесінде ауданымыздың дамуы жеделдейді, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарады және Таза Қазақстан идеясын жүзеге асыруға нақты қадамдар жасалады.