Өткен жылы Жылыой ауданы аумағында 20 жол-көлік оқиғасы орын алды, оның ішінде 2 жағдайда кінәлілер масаң күйінде болған. 10 адам қаза тапқан, оның ішінде 3 жасөспірім бала. Автомобиль апаттарының негізгі себебі жол қозғалысы ережелерін сақтамау болып табылады.
Сонымен қатар аталған мерзімде аудан бойынша жол-көлік құқық бұзушылығын жасағаны және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін 9 адам сотталған. «Біз жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету — уәкілетті тұлғалар мен ведомстволардың ғана жауапкершілігі емес екенін ұмытпауымыз керек, бұл жол қозғалысына қатысушылардың басты міндеті», - деп атап өтті аудан прокуроры Асхат ҚАСЫМОВ.
Аудан прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және адамдардың жарақаттануы мен өліміне жол бермеуге шақырып, сондай-ақ жолдардағы өзара сыпайылық туралы еске салады. Секундтарды үнемдеуге тырысып, жүргізушілер өздеріне ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді.
Сонымен бірге Жылыой аудандық полиция бөлімімен жол көлік оқиғалардың алдын алу мақсатында қантар айының 23-27 күндері аралығында «Қауіпсіз дөңгелек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс шараның басты мақсаты жол көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау, жол қозғалысы қағидасын өрескел бұзатын және де жазғы маусымдағы дөнгелекпен жүрген көлік құралдарын анықтау болып табылады.
Жолдардағы барлық өлім жағдайлары жүргізушінің жауапсыздығынан болатынын түсіну маңызды. «Автокөлік әуесқойлары көлік құралын қауіпсіз пайдалануды ерекше қамтамасыз етуі, айналасындағыларға жанашырлық танытуы, жол-көлік оқиғасында қаза тапқан әрбір адамның артында олардың отбасылары ата-аналары, жұбайлары, балалары, жақындары қалатынын ұмытпауы тиіс», - деп қорытындылады қадағалау ведомствосында.