Қара Арна ауылдық округі тұрғындарының өтініштерін қанағаттандыру мақсатында Жылыой ауданы әкімдігі төмендегідей жаңалықты хабарлайды:
Қара Арна ауылдық округі Шоқпартоғай елді мекені үстінен өтетін теміржол бойынан халықтың поезға мініп-түсуіне ыңғайлы болу үшін «Қазақстан Темір Жолы «ҰҚ» АҚ – «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалы «Құлсары жол дистанциясы» жолаушылар перронын салу жұмыстарын бастады.
1.Перрон ұзындығы -125 м.
2.Жолаушылар поезды - №313/314.
3.Перрон - 5 жолаушылар вагонына арналған.
Перрон құрылысының аяқталуы және халықтың пайдалануына берілуі 2022 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.