Жолақысыз автобус

Мінекей, қасиетті Рамазан айының ортасынан ойысып, 19-шы күніне келіп жеттік.

Деректерге сүйенсек, Оразаның екінші онкүндігі кешірім уақыты екен. Ал ағза ашығуға әбден үйреніп, қуат көп, ой-сананың тынық болатын кезі. Тұрғындардың көбі ауыз бекіткен, көпшілік арасында Ораза айына орай тегін қызмет түрлерін көрсетуге деген ұмтылыс байқалады. Мысалы, бүгін, қасиетті жұма күнімен теңдесе келген 24 мамырда ауданымыздағы қоғамдық көліктер тұрғындарды жолақысыз тасымалдауда. Сондай-ақ осы күні жеке кәсіппен айналысатын вакуум көліктері де аудан халқына тегін қызмет көрсетпек. Қасиетті айда, жұма күні жақсылық жасауға ниет еткен жылыойлықтардың ісіне бәрекелді дейсің.

С.Әли

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521