Жол мәселесі жуырда шешілмек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жол мәселесіне де тоқталып, алдағы жылдары жол кеңейту жұмыстарын жүргізуді сөзге тиек етті. Бұл мақсатта Атырау қаласында Солтүстік айналма жолдың құрылысы 2026 жылы аяқталады деп жоспарланып, қазір 7 шақырым жолдың негізгі қабаты салынды. Аталмыш жол құрылысы 2023 жылы басталған еді.  

     Президентіміз Жолдауда автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе екенін ескертіп:
      -Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын,-деген еді. Бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Атырау-Доссор» автомобиль жолын 3-ші санаттан 1-ші санатқа ауыстыру, яғни, төрт жолақты жол салу шешімі қабылданды. Бұл жоба туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев та пікір білдіріп:
     -Жобаның техникалық – экономикалық негіздемесі жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындасын алды. Қазір жолдың жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Министрлік жобаны қаржыландыру мәселесін реттеуде,-дейді ол.
    Жол қашан да ауданымыз үшін маңызды тақырып, өзекті мәселе. Сол үшін оның шешімі жылдам шешілсе, халықтың да, көлік жүргізушілердің де көңілі жайланар еді.
    
Сайлаубай Таласов, 
«Аманат» партиясының Жылыой аудандық филиалының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT