Жол мәселесі – жұрт мәселесі

Жуырда Атырау облысы әкімі Қайрат Нұртаев  жол және логистика саласы жөнінде салмақты сұхбат беріп, «Атырау-Доссор» автомобиль жолын 3-ші санаттан 1-ші санатқа ауыстыру жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді. 
     Бүгінде жол мәселесі көпшілікті алаңдатқан өзекті мәселенің бірі. Десе де кейінгі жылдары республикалық маңызы бар жолдарды реконструкциялау жұмыстары жылдам іске асып, тас жолдар халық игілігіне берілуде. Ұзындығы 277 шақырымды құрайтын «Атырау-Астрахань» трассасының 272 шақырымында жол құрылысының аяқталуы бұған айқын дәлел болмақ. Одан бөлек жол жиектерін нығайтып, абаттандыру жұмыстары мен тежеу жолақтарын кеңейту де биыл толық аяқталады деп жоспарлануда. 
      -Көптен бері елдің көкейінде «Жолдың қалған 5 шақырымы қашан жасалмақ?» деген сауал жүр.  Қаланың шыға берісіндегі Сарыөзек көпірінен бүгінге дейін салынған «Астрахань-Атырау» трассасына дейінгі, яғни, 616-621 шақырым аралығын 1-ші санатқа ауыстыру мақсатында облыстық коммуналдық меншікке алдық.  5 шақырымды реконструкциялау үшін жобалық-сметалық құжат дайын. Жоба мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алды, барлық құжатты Көлік министрлігіне және «ҚазАвтоЖол» ҰК тапсырдық. Құрылыс жұмысын биыл бастау жоспарланып отыр, - дейді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев өз сөзінде.
     Бұл тұста Қзіргі таңда «ҚазАвтожол» ҰК АОФ аудандық әкімдіктермен бірлесіп, жол бойындағы сервистік нысандарды түгендеу мен бос жер телімдерін анықтау жұмыстарын жүргізгенін де айта кетейік. Қазір жер телімдерін сақтау мақсатында меморандумдар жасақталуда.

Айдана Тайранова,

"AMANAT" партиясы Жылыой аудандық филиалының консультанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT