«Жол картасы» бағдарламасы жүзеге асуда

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясының Жылыой ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі кеңейтілген мәжіліс болып өтті. Мәжіліске аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Темірбаева, қала әкімі Е.Ысмағұл, аудан әкімінің орынбасары Ж. Рашев және мәслихат депутаттары, жауапты дербес бөлім басшылары қатысты.

Жылыой ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламалардың орындалуы күн тәртібінен түскен емес. Мәжілістегі негізгі мәселе де осы. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламаның 2022 жылғы «Жол картасындаңы» жоспарға сәйкес көрсетілген бағдарламалардың орындалысын нақтылау.

Жиынға қатысушылар биылғы атқарылар іс-шаралар жоспарын талқылады. Ағымдағы жылы жалпы 100 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде, білім-ғылымды, аграрлық секторды дамыту, жастарды қолдау, өңірді дамыту саласына ден қойылған. 2022 жылы орындалуы керек іс-шаралар тізбесіне мектеп, медициналық орталық, дене шынықтыру спорт кешені, жаяу жүргіншілер жолы, мал шаруашылығы, еңбек бағдарламасы, елді-мекендерге көше жарығын кезең-кезеңімен жүргізу т.б талқыланды.

Көтерілген мәселелер бойынша ұсыныс пікірлер тыңдалды. Бекітілген жоспар мен тармақтар бойынша жауапты орындаушылар жұмыстарды жыл басынан бастап жүргізетін болады.

Жиын соңында «Жол картасы» іс-шарасында бекітілген бағдарламалардың орындалысы жіті бақылауда болатындығы айтылды.

Айдана ЖҰМАБЕРГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT