Жол-көлік оқиғаларының үшеуі балалардың қатысуымен болған

Атырау полицейлері балаларды жол қозғалысы ережесін сақтауға шақырады.

Атырау қаласында жол оқиғасы былтырғымен салыстырғанда 59,1% азайды.

Жыл басынан қала аумағында 29 жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр. Былтыр осы мерзімде 71 оқиға орын алыпты. Жол-көлік оқиғаларының үшеуі балалардың қатысуымен болған.

Солардың бірі, 21 мамырда қаладағы Тайманов көшесінде орналасқан дүкендердің бірінің ауласында болды. "Газель" автокөлігі қозғалыс кезінде, жүгіріп шыққан 4 жастағы баланы қағып кеткен. Салдарынан жасөспірім бала дене жарақатын алған.

Полиция қызметкерлері ата-аналар мен балаларға жауапты ересектерден жазғы каникул күндері балалардың балаларды қараусыз қалдырмауды, әсіресе жол бойында олардың қауіпсіздігіне аса мән беруге, ал балалардың өздеріне велосипедпен немесе жаяу жүрген кезде жол қозғалысы ережелерін сақтап жүруге шақырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521