Жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталды

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жолдағы тәртіпті күшейтіп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдыңғы шепте қызмет етуде. Желтоқсан айынан бастап ұйымдастырылған «Қауіпті жүргізуші» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылық деректері анықталды.

Жол ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне фактілер туралы аудандық полиция басқармасының ППР командирі, полиция капитаны Әділет Сәбитұлы нақтылап атап айтты:

- Бүгінде полиция қызметкерлері патрульдеу, жылдамдық өлшеу құрылғыларын пайдалану сияқты кешенді шараларды жүзеге асыруда. Осы әдістер жеңіл көліктерді, жүк көліктері мен автобустарды тексеруге мүмкіндік беріп, жолдағы қауіпсіздікті арттыруға және апаттардың алдын алуға бағытталған. Іс-шара басталғалы жол қозғалысына қатысты 233 құқық бұзушылық дерегі анықталды. Оның ішінде 1 мас жүргізуші көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарғаны белгілі болды. Дәлірек айтқанда, 10 желтоқсан күні сағат 12:55 шамасында «Nissan Altima» автокөлігі күдік тудырып, тоқтатылды. Медициналық сараптама нәтижесінде жүргізушінің жеңіл дәрежедегі мас күйде көлік құралын басқарғаны анықталып, аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1 бөлімі Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру негізінде іс-құжаттар жинақталып, материалдар сотқа жолданды. Қарсы бағытқа шыққан, яғни 596-бабының 1 бөлімімен (Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру) бойынша 3 жүргізуші анықталып, әкімшілік хаттамалар жасақталған болатын. Басты назар көлікті мас күйінде басқару, жылдамдықты шамадан тыс асыру, қарсы бағытқа шығу, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын орындамау, сондықтан әрбір жүргізушіге осы жолдағы жауапкершілікті қатаң сақтауды ескертеміз. Бұл адам өміріне тікелей қауіп төндіретін және заңмен жазаланатын әрекет. Сол себепті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз,-деді полиция капитаны Ә.Сәбитұлы. 

Полиция қызметкерлері мас болу белгілері бар жүргізушінің автокөлік басқарғанына куә болған барлық азаматтардан бұл туралы “102” қызметіне дереу хабарлауды сұрайды. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі! 

А.Ерденқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT