Құлсары қаласындағы аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына 49 жастағы ер адамның жоғалып кеткендігі туралы хабарлама түсті. Ол Қарағай ауылынан Құлсары қаласына қайықпен шығып, бір күннен бері хабарсыз кеткен.
Жедел іздестіру шараларына кіріскен полиция қызметкерлері көкке әуе дронын ұшырды. Құрылғы арқылы 11 сәуір күні сағат 11:00 шамасында Қарағай елді мекенінен 10 шақырым қашықтықтағы су тасқынынан пайда болған аралда ер азаматтың жүргені анықталған. Тексере келгенде ол жоғалған 49 жастағы тұрғын екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта табыған азаматтың жағдайы бірқалыпты, туысқандарымен қауышты.
Өз тілшімізден