Жобаға 811 адам қатысты

Атырау облысында «Zhas project» жобасы аясында 257 бизнес-жоспар жүзеге асырылады

Жобаға 811 адам қатысқан, олардың 40-тан астамы – мүмкіндігі шектеулі жандар, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған жоба тұрғындарға әлеуметтік қолдау ретінде ұйымдастырылды. Атырау облыстық «Zhas projects» жобасының үйлестірушісі Айжан Аралбекованың айтуынша, іске асырылатын бизнес-жоспардың негізгі үлесі, яғни 212-сі - ауылға, 45-і қалаға тиесілі.

jasprojectatyrau

- Грант ұтып алған қатысушылар өз істерін аспаздық, шаштараз, тігін шебері сияқты басқа да салаларда жүзеге асыруда. Қатысушыларға жобадан ақылы түрде пайда түспейтін болғандықтан, оларға алты ай көлемінде шәкіртақы беріледі. Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған топтарға көмек ретінде шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер ақысыз ұсынылады. Студенттер мен жоғары білімді азаматтарға - 60 мың теңге, қалғандарына – 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы беріледі, - дейді Айжан Аралбекова.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521