Жоғалған көше аты кері қайтарылды

Газетіміздің өткен жылғы 9 тамыздағы №32 санында «Болат Ербосынов көшесі қайда?» атты сын мақала жарық көрген еді. Онда Ауғанстанда интернациональдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан жылыойлық жауынгер Болат Ербосыновтың атына берілген көшенің ешкімнің келісімінсіз өзге көшемен алмастырылып, атауы алынып тасталғанын хабарлап, дабыл қаққан едік.

Газетіміздің өткен жылғы 9 тамыздағы №32 санында «Болат Ербосынов көшесі қайда?» атты сын мақала жарық көрген еді. Онда Ауғанстанда интернациональдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан жылыойлық жауынгер Болат Ербосыновтың атына берілген көшенің ешкімнің келісімінсіз өзге көшемен алмастырылып, атауы алынып тасталғанын хабарлап, дабыл қаққан едік.

Бұл мәселеге аудан журналистерінің назарын аударған аудандық «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамының төрағасы Досан Әділов жақында редакциямызға қуанышты хабар жеткізді. Бұл ретте оқырмандарымызға түсінікті болу үшін, алдымен, мәселенің мән-жайына қысқаша тоқтала кетелік.

kosheaty3

Құлсары қаласының алғашқы әкімі Еркін Сатанғұловтың шешімімен 2002 жылы қаладағы екі көшеге Ауған соғысында қаза тапқан қос боздағымыз Ерболат Омаров пен Болат Ербосыновтардың атына көше атауы берілген еді. Алайда кейін анықталғанындай, Құрсай өзегіне жақын орналасқан 4-учаскедегі соңғы көше белгісіз себептермен Әділет органына тіркелмеген екен. Соның кесірінен көшелерді қайта нөмірлеп, электрондық құжатқа көшіру кезінде ол атау аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінің дерекқорына енбей, №190 көше болып бекітіліп кетеді. Бұл Б.Ербосынов көшесінде тұратын бір топ тұрғынның орынды ренішін туғызды.

Мақала газетке жарық көргеннен кейін көше тұрғындарының талап-тілегі бойынша Досан Әділов бастаған Ауған соғысы ардагерлерінің бастама көтеруімен және тиісті құзырлы органдардың араласуымен биылғы қаңтардың 10-ы күні «Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының көшелеріне атау беру туралы» аудан әкімінің қаулысы мен аудандық мәслихаттың шешімі шықты. Ол Әділет департаментінен тіркеуден өтеді. Шешімнің «Құлсары қаласының бұрыннан қалыптасқан құрамдас бөліктерінің келесі атаулары қайта аталсын:» деп аталатын 2-тармағына сәйкес 190-көше Болат Ербосынов көшесі болып қайта аталды. Ал 2019 жылғы 20 мамырда Құлсары қаласының әкімі Қаржау Шарғабаев «Құлсары қаласындағы №190 көше және Б.Ербосынов көше атауларын алмастыру туралы» №293-ө шешімін шығарды. Сөйтіп, жылыойлық жауынгер есімі өз жұртымен қайта қауышқан еді.

kosheat4

Өткен аптаның сәрсенбісі күні Ауған соғысында қаза тапқан жерлесіміз Болат Ербосыновқа Құлсары қаласының 4-учаскесінен екінші мәрте көше атауын беру салтанаты болып өтті. Оған Досан Әділов бастаған Ауған соғысының ардагерлері, жауынгердің әкесі Жылқыбай Ербосынов, тума-туыстары, қала әкімінің міндетін атқарушы Мереке Зинуллин, көше тұрғындары мен еңбек ардагерлері қатысты. Жат жерде көз жұмған жерлесімізді бір минут үнсіздікпен еске алды. Онда сөз алған «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамының төрағасы Д.Әділов Болат Ербосыновтың өмірі мен ерлік жолы туралы баяндай келіп, былай деді:

-2002 жылдың 15 наурызында сол кездегі қала әкімінің №470 шешімімен Ауған соғысында қаза болған жауынгер-интернационалист Болат Ербосыновқа Құлсары қаласынан көше атауы берілді. Бірақ түрлі себептермен 2009 жылы бұл көшенің аты өзгеріп, он жылға жуық №190 көше болып аталып келді. Аудандық «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамы төрағасының, аудандық “Кең Жылой” газетінің араласуымен, облыс, аудан, қала әкімдіктері, архитектура бөлімімен бірігіп жасалған жұмыстардың арқасында осы жылдың шілде айында көше атауы Болат Ербосыновтың атына кері қайтарылды.

Батырдың есімі жазылған тақтайшаны қала әкімінің міндетін атқарушы М.Зинуллин мен «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамының төрағасы Д.Әділов ашты. Салтанатты сәтте жауынгердің әкесі ортақ іске атсалысқан қоғам басшылары мен әкімдікке алғысын айтса, ардагер-журналист Нұрдәулет Ақназаров, Б.Ербосынов көшесінің тұрғыны Махмуд Есқалиевтер жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Соңынан Болат Ербосыновтың туыстарына ақын-журналист Сәулеш Шәтенованың «Алыста қалған Ауғанстан» атты кітабы сыйға тартылды.

Ербол Қошақанов,

арнаулы тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521