Әр елдің тіреуі ол - экономикасы. Сондықтан, басты міндет халықтың әл-ауқатын көтеріп, кәсіпкерлерді қолдау екені белгілі. Бұл жолда да Президентіміз Қ. Тоқаевтың бастамасымен тың жобалар жүзеге асырылып, ел экономикасына жаңа серпін беруде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында:
-Біз еліміз үшін күрделі болса да, жүйелі экономикалық реформаларды қолға алып, алдағы бес жылдық дамуымыздың берік негізін қаладық. Сол үшін көптеген маңызды жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды. Келешекте бұдан да ауқымды жұмыс жасалмақ,- деген болатын.
Алдағы уақытта да көптеген жобалар жалғасын табатыны көңілге сенім ұялатады. Ел басшысының бастамаларын билік пен бұқара біріге отырып, іс жүзінде жүзеге асырсақ, еліміз дамыған мемлекеттер қатарында болары сөзсіз.
Шолпан Сайфоллақызы,
Жас кәсіпкер