Жемнен қауіп бар ма?

Былтыр ауданда жарияланған төтенше жағдай әлі күшінде. Демек, бұл қауіп сейіліп, зардап толық қалыпқа келді деген сөз емес. Сондықтан өңірге Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев іссапармен келді.

Ол көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған шаралармен танысып, өңірдің дайындығын пысықтады. Астаналық басшыны аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың өзі күтіп алып, атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Жем мен Құрсайдағы тереңдету және басқа да жұмыстың қарқынын көзбен көріп, өз бағасын берген генерал-майор:

- Жедел әрекет ету ғана емес, төтенше жағдайдың алдын алу үшін профилактикалық шаралар қабылдау да маңызды. Бұл кешенді тәсілді, барлық қызметтердің өзара үйлескен жұмысын талап етеді. Қорғанышты нығайту, өзенді кеңейту, бөгендер салу кешенді іс-шаралар қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырып, су басу қаупін азайтады, -деді өз сөзінде.

Сапар барысында «Қазавиақұтқару» тікұшағының бортымен аудан аймағына аэровизуалды барлау жасалды. Жем және Құрсай өзендерінің арналарында жасалған жұмыстар назарға алынды.

Е.АЛТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT