Жемқорлықты бірлесе жоямыз

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекет пен қоғамның, әрбір азаматтың тығыз бірлесуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің нәтижелі болуына мүмкіндік береді.

Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданып, іске асырылуда.

18 қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңның мәні келесідей, әрбір субъект құқықтық мәртебесіне қарамастан – мемлекеттік орган немесе жеке тұлға, өзінің өкілеттігі мен азаматтық міндеттері шегінде өз ортасындағы сыбайлас жемқорлықпен күресуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал етуші себептер мен мән-жайларды анықтап және болдыртпауға міндетті.

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысын жүзеге асыру аясында, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды әшкерлеуге және ашуға жәрдемдесуші азаматтар көтермеленуде.

Қазіргі таңға, көтермелеудің мөлшері 75 мыңнан 252 мың теңгеге аралығында көзделіп отыр. Сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлаған тұлғаға бір жолғы сыйақы төленеді: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК); онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша 40 АЕК; ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша 50 АЕК; ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша 70 АЕК; аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша 100 АЕК.

Сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін іздеудегі тұлғаның тұрған жері туралы мәлімет ұсыну, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтауға, әшкерлеуге, ашуға және тергеуге қандай да бір ықпалын тигізу арқылы жәрдемдесуге болады.

Жоғарыда аталған қаулы қолданысқа түскелі Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жалпы соммасы 4,1 млн. астам теңгеге 28 тұлға көтермеленді.

Сонымен қатар, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы Call-center» орталығы қызмет жасауда. Оның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша азаматтарға тегін кеңес беру мен сыбайлас жемқорлық көріністері туралы хабарламаларды тіркеу. Орталықтың 1424 нөміріне қоңырау соғу арқылы, кез-келген азамат сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлай алады.

Департамент басшылығымен азаматтарды қабылдау күнделікті Атырау қаласы Темірханова,2а мекенжайында жүргізіледі және де 71-75-11, 71-75-16 тәулік бойы сенім телефондары қызмет жасайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521