Жем ауылдық округінің әкімі сайланды

Жылыой ауданына қарасты Жем ауылдық округінің әкімі болып сайлау қорытындысы бойынша Куатбаев Нұртас Әминұлы сайланды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа әкімді ұжымға аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова таныстырып, абыройлы қызмет тіледі. Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссияның 2024 жылғы 18 қыркүйектегі №5 шешімін негізге ала отырып, Жем ауылдық округінің әкімі Айтпенбет Данияр Жанқожаұлы өз өкілеттігін тоқтатып, аудан әкімінің 2024 жылдың 18 қыркүйектегі №18-к өкімімен Қуатбаев Нұртас Әминұлы Жем ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.  

Нұртас Әминұлы 1 ақпан 1965 жылы туған. Білімі жоғары.  Еңбек жолын 1982 жылы «Коммунизм таңы» совхозында жұмысшы болып бастап, 1994 жылға дейін осы аталған совхозда зоотехник, ферма меңгерушісі болған.  

1994-2003 жылдары аралығында Жылыой аудандық қаржы бөлімінде экономист қызметін атқарған.

2003-2007 жылдары аралығында Майкөмген ауылдық округінің әкімі болды.
2007 жылдан бастап осы күнге дейін Жылыой аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT