Жем ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Ол 2010-2013 жылдар аралығында Жылыой ауданы ветреринария бөлімінің басшысы қызметінде болған.

Аудан әкімі Халел Жамалов осы уақытқа дейін Атырау облысы ветеринария басқармасының бас маманы лауызымын атқарған Айтпенбет Данияр Жанқожаұлын Жылыой ауданы Жем ауылдық округінің әкімі етіп тағайындады.

⠀ ​Айтпенбет Данияр Жанқожаұлы – 10 қазан 1969 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданында​ ​ дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. ⠀

1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген. ⠀ Алғаш еңбек жолын 1994 жылы «Жарқамыс селолық округі әкімі аппаратында мал дәрігері болып ​ бастаған. ⠀

​2001-2003 жылдары, Жылыой аудандық аумақтық басқармасының ​ жетекші маманы, ​ инспекторы қызметін атқарған. ⠀ ​2003-2010 жылдары Жылыой аудандық аумақтық басқармасының бас маманы болып қызмет еткен. ⠀

2010-2013 жылдар аралығында Жылыой ауданы ветреринария бөлімінің басшысы қызметінде болған. ⠀

​2013 жылдың мамыр айынан 2020 жылдың наурыз айына дейін Жылыой ауданы ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет жасаған. ⠀

​2020 жылдың наурызынан күні бүгінге дейін​ Атырау облысы ветеринария басқармасының бас маманы лауазымында қызмет атқарып келді.

Жылыой ауданы әкімдігі баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521