Жем ауылдық округінде мерекелік шара өтті

Жем ауылдық округінде, орталық көшесінде "Қош келдің, Әд-Наурыз" атты мерекелік шарасы болып өтті.

Шара шымылдығы 8 сынып оқушысы Таңжар Ерұлан Құрманғазының "Адай" күйімен ашылып, "Балауса" бөбекжай бақшасының қызметкері Г.Смагулованың "Алғыс" әнімен жалғасын тапты.

Округ әкімі құттықтау сөзін сөйлеп, бірнеше ауыл белсенділерін алғыс хатпен марапаттады. Ағаш үй тігіліп, үлкендерге сый табақ тартылды. Қариялар батасын беріп, наурыз тойына жиналғандарға наурыз көже мен бауырсақ таратылды.

Ауыл тұрғыны Б.Қарамолдиев бұрынғы ауыл тұрғындарының тұрмыстық бұйымдарынан көрме ұйымдастырды, таризи ауыл тіршілігіне радиорепартаж жасады.

Шара арқан тартыс, кір тасын көтеру сынды спорттық ойындармен жалғасты. Кір тасын көтеруден А.Сүйеумағанбетов бірінші орынды жеңіп алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT