Жем арнасы тереңдетіліп жатыр

Өткен аптаның бейсенбі күні Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалық етуімен тасқынның алдын алу туралы жиын өтті. Онда аймақ басшысы Серік Шәпкенов Атырау аумағында жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Облыс әкімі өз сөзінде Құлсары қаласы мен аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде де хабардар етті.

- Бүгінгі таңда Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласының ішімен өтіп жатқан Құрсай каналының 32 шақырымы тазартылып, тереңдетілді. Мұндай жұмыстар осы айда Жем өзенінде де басталып кетті. Жалпы ұзындығы 55 шақырым болатын жағаның 1,5 шақырымы тазарып, тереңдетілді. Бұдан бөлек 58 шақырымға созылған қорғаныс бөгеттерін салу жоспарланып, оның 24 шақырымын тұрғызып үлгерді,-деді Серік Жамбылұлы.

Аймақ басшысы келер жылғы көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Бұл ретте су шаруашылығы құрылыстарын басқаруға алу үшін «Табиғат» мекемесі құрылғанын хабарлады.

- Тасқын кезінде тұрғызылған 590 км бөгетті облыс теңгеріміне алу жұмыстары жүріп жатыр. Көктемге дейін аталған бөгеттердің сапасын тексеріп, қажет болса, жаңадан тұрғызылған бөгеттерді нығайтамыз, - деп атап көрсетті Серік Шәпкенов.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT