Жел тұрса, жарық сөнеді

ken-zhyloi.kz

Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 3 сессиясы болып өтті. Сессия төрағасы Ерлан Асылбеков отырысты ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсанындағы №54-2 «2020-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне және аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 тамыздағы №24-5 «Жылыой ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі мәселе қаралды.

Сессияда алғашқы мәселе төңірегінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Дүсіпова баяндама жасады. Ол үстіміздегі жылдың 15 наурызында аудандық бюджеттің нақтыланғандығын айтып өтіп, соның негізінде 2021-2023 жылдарға арналып Жылыой ауданына бөлінген жалпы бюджетті нақтылау бойынша аудандық мәслихат шешімінің жобасы ұсынылып отырғанын мәлімдеді.

Аудан бюджетін 50 млрд 060млн 570 мың теңгеден 52 млрд 880 млн 275 мың теңгеге нақтылау көзделуде. Биыл бюджет 2 млрд 819 млн 750 мың теңгеге өсіріліп отыр. Оның ішінде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 2 млрд 300 млн теңгеге және жыл басынан қалған еркін қалдық есебінен 519 млн 705 мың теңгені өсіру ескерілуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне барлығы 1 млрд 660 млн 100 мың теңге бөлінді. Құлсары қаласындағы кәріздік сорғыны кеңейту құрылысына 145,0 млн теңге, 3 дана футбол алаңын салуға 38,2 млн теңге, тұрғын үй сертификатына 10 млн теңге жұмсалмақ. Құрсай өзегін жалғайтын Нұрманов пен Сариев көшелері арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысын жобалық-сметалық құжаттамадан өткізуге 400,0 мың теңге бөлінсе, аудан бойынша жолаушылар тасымалдау маршруттарын субсидиялауға 100,0 млн теңге бөлінді. Одан бөлек, Құлсары қаласының көше жарығын жүргізуші мемлекеттік жеке әріптестікке, аудандағы автомобиль жолдарын күрделі, орташа жөндеуден өткізуге және ағымдағы жөндеу жұмыстарына лабораториялық сараптама жүргізуге, газ, су, тоқ желісі қызметіне ақы төлеуге бөлек-бөлек қаржы қарастырылып, аталған жұмыстарды іске асыруға жұмсалатын қаражат мөлшері белгілі болды. Одан басқа, құрылыс бөліміне барлығы 1 млрд 59,5 млн теңге бөлінді. Бөлімге тиесілі қаражат ауданның коммуналдық меншігіндегі әкімшілік ғимаратын қайта жаңғыртуға, Құлсары қаласында құрылысы жаңадан бой көтеріп келе жатқан 5 қабатты 5 тұрғын-үйдің құрылысын жалғастыруға жұмсалатын болады. Аталған көп қатарлы тұрғын үй құрылысын тоқтатпай, жалғастыру үшін қаражатты 1 млрд теңгеге өсіру және қаладағы электрмен жабдықтау объектілерін салуға жергілікті бюджеттен қаралған 1,0 млн теңгені шегеру ескерілуде,-деді ол.

Баяндамашының сөзінше Aуғанстан - Тәжікстан, Ирак, Таулы Карабахта міндеттерін орындаған әскери қызметшілерге біржолғы жәрдемақы төлеу және коммуналдық шығындарын өтеуге 6,2 млн теңге қарастырылған. Ал мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 10 млн. теңге қосымша қаржы бөлу көзделген. Сондай-ақ, «Телеарна арқылы аудан көлеміндегі жаңалықтарды екі тілде эфирге шығару» қызметіне 6 млн, бөлімнің қызметін қамтамасыз етуге 2,4 млн теңге қаржы бөлу көзделіп отыр. Бағдарламалар арасында үнемделген қаражаттар есебінен өзара ығыстыру ескерілетін болады. Бөлім басшысы аудан бюджетінің жобасын сессияға қатысушылардың назарына ұсына отырып, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 109 бабына сәйкес бекітуін сұрады.

Ш.ХАМИТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521