Жедел құтқарушылар балаларға сақтануды үйретті

Жаз кезінде ата-аналар балаларымен өзен мен көл жағасында демалып жатады.

Осындай уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтамау, орны толмас қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін. Сондықтан келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, балаларға балабақша жасынан бастап түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, семинар сабақтарын өткізген дұрыс. Жақында осындай мақсатпен Жылыой ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық Жергілікті полиция қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, Жастар ресурстық орталығы және Батыс Өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен бірлесіп шара өткізді. Аталған топ ауданымыздағы балабақшаларда болып, балалар мен тәрбиешілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521