Жұдырықтай жұмылса жеңілмейтін кесел жоқ

Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің қатарында зорлық-зомбылық, нашақорлық, лудомания және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі ерекше назарда болуы тиіс. Бұл – тек жекелеген отбасылардың емес, бүкіл қоғамның ортақ кеселіне айналып отыр.

Зорлық-зомбылық – отбасы тыныштығына, ал нашақорлық пен құмар ойынға тәуелділік (лудомания) – жас ұрпақтың болашағына тікелей қауіп төндіруде. Міне, осындай өзекті тақырыптарды қамтыған семинар жуырда«Қара Арна ауылдық округінің орталығындағы «Шоқпартоғай» мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Мақсаты қоғамдағы осы кеселдердің алдын алу жолдарын көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу және пікір алмасып, тиімді тәжірибелермен бөлісу.

      «Салауатты сана» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл облыстық  іс-тәжірибелік семинар «Қоғамдағы кеселдердің себептері мен салдары: Талдау және алдын алу жолдары» тақырыбы аясында өтті. Аудан әкімдігі, ішкі саясат бөлімінің, аудан әкімі жанындағы аналар кеңесінің ұйымдастыруымен болған семинарға аудан әкімінің орынбасары  Гүлнафис Айшуақова, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудан прокуратурасының прокуроры, ақсақалдар менаналар кеңесі және өзге де аудандағы қоғамдық ұйым жетекшілері, қоғам белсенділері мен білім және құқық қорғау саласының өкілдері, мектеп оқушылары қатысты.

Семинардың шымылдығы аудан халқын өнерімен тәнті етіп жүрген «Жем аруы» халықтық би ансамблінің мың бұралған бишілерінің өнерімен ашылды. Алғашқы сөз кезегі аудан әкімінің орынбасары Г.Айшуақоваға берілді. Ол құттықтау сөзін сөйлеп, спикерлерге сәттілік тіледі.

Спикерден алғашқы болып Жем ауылдық округінің әкімі аппараты жанындағы аналар кеңесі төрайымының орынбасары, №4 жалпы орта білім беретін мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Сымбат Қабдрахманова «Зорлық-зомбылықты жеңудің жолы – саналы ұрпақ тәрбиелеу», Ақкиізтоғай ауылдық округіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Нұрлан Тілеуов«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі», аудан прокуратурасының прокуроры Әділ Сисенов «Нашақорлық – қоғам дерті», Бағдат Ертүгел «Ұлттық құндылық – рухани байлық» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар соңында сөйлеген Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің төрайымы Жанар Әбіш,  облыстық Ішкі саясат басқармасы қоғамдық келісім кеңесінің бөлім басшысы Кенжегүл Мұсағалиеваға тәрбиелік мәні зор іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.  Бірқатар белсенді азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды.

  Соңынан экскурсия ұйымдастырылды. Облыстан келген қонақтар Отбасын қолдау және белсенді өмір сүру орталықтарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, «Ақмешіт» тарихи-мәдени кешеніне танымдық саяхат жасап, зиярат жасады.

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT