Жазушының 60-шы кітабы

Жазушы Қонаш Қалдыоразұлы - соңғы жылдары өндіре, өнікті жазып келе жатқан қаламгер.

Оның еліміздің әртүрлі баспасынан бұған дейін 59 кітабы шыққан еді. Ал жақында оның 60-шы кітабы жарық көріп, оқырмандар қолына тиді. Соңғы 60-шы кітабы «Халық мұғалімдері» (3-кітап) деп аталады. «Ағатай» баспасынан жарық көрген бұл кітабын автор кітапхана қорына сыйлады. Жазушы кітаптарының кейіпкерлері Жылыой елінің азаматтары, аналар, сазгерлер, мұғалімдер, майдангерлер т.б. сан түрлі мамандық иелері. Сондай-ақ жазушы тағы 4 кітабын баспаға тапсырыпты.

60 кітап жазып, баспадан шығару дегеніңіз әсте оңай емес. Мұның артында Қонаш ағамыздың ерінбей шұқшиып тер төгуі, ізденісі мен еңбекқорлығы тұр. Ендеше 60 кітап шығарған ағаға «шабытыңыз әлі де шарықтасын» дейміз.

Ф.Оқасова,

оқырман

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521