Жазғы демалыс қауіпсіз өтсін десеңіз...

Демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Жаз маусымы бастала оқушылардың көптен күткен демалыстары да қоса басталады. «Демалыс басталды екен» деп, балалар мен жасөспірімдерді бақылаусыз қалдыруға болмайды. Әр баланың жазғы демалысының қауіпсіз өтуіне ата-аналар жауапты.

Жаз мезгілінде оқушылар топ болып табиғат аясына саяхатқа шығуды дәстүрге айналдырған. Осы кезде олар от жағады, түрлі отшашулар ұйымдастырады, ойындар ойнайды. Сондайда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау, қоршаған ортаға залал келтірмеу тәрізді маңызды жайттар ескертілмей қалады. Ата-аналардан барынша балаларын бақылауда ұстауды сұраймыз.

Құрметті жылыойлықтар, егер сіз дала өртін немесе әлдебір жерде оттың жанып жатқанын байқасаңыз, немқұрайлылық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз!

«Өрт пен су – тілсіз жау» деп тегін айтылмаса керек, олардың қалай және қайдан келері белгісіз. Сондықтан ауданымыздың әрбір тұрғыны қай жерде де қауіпсіздік ережесін сақтағаны жөн.

О.Бөлегенов, Құлсары қаласы №2 МӨСБ аға инженері а/қ аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521