Жауынгерлерді ажалдан арашалаған Гүлсім

Осыдан тура 30 жыл бұрын, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылып, бұл күн тарихта Ауған соғысы ардагерлерінің күні болып белгіленді. Ауған соғысының аяқталуы Кеңес Одағы ыдырай бастаған, елдегі ауыр экономикалық, саяси-әлеуметтік дағдарысқа тұспа-тұс келді. Осының салдарынан денсаулығы мен психологиялық тұрғыдан зардап шеккен Ауғандық жауынгерлер майданнан елге оралғанда бірден жүйелі қамқорлыққа, әділ бағаға ие болған жоқ.

Ауғанстанға 18 жастағы жас жігіт күйінде аттанды. Ол жақтың таулы аймағына, күннің ыстығына бірден үйрену өте қиынға соқты. Осынау бейбіт кезеңдегі соғыстың себептерін саралау, оған баға беру төңірегінде аз айтылып жатқан жоқ. Отан алдындағы борыштарын өтеуде басқа да әр ұлт халықтарымен бірге қазақтың ұлдары да, қыздары да намысты қолдан бермей, ата-бабаның жауынгерлік дәстүрін жалғастырды. Ауған соғысына қатысушы ретінде мен осынау қазақ жастарының жауған оқтан жасып, қиындықтан қаймыққанын байқамадым. Ауданымызда қазіргі таңда 38 жауынгер Ауған жерінде азаматтық борышын өтеп келді. Бірқатары облыс аймағында әртүрлі салада еңбек етуде. Ауған соғысы кезінде қаза болған Болат Ербосынов, Ерболат Омаров, елге оралғаннан кейін өмірден өткен Самат Алжанов, Исатай Нұрманов, Төлеген Биғалиев, Жолдас Исембаев, Қабидолла Сәрсенбаев, Ғалымжан Құлымбаев, Жаңабай Жанаев, Ерғали Сағындықов, Мұхаметияр Қарлыбаевтар сынды жауынгерлердің ерліктері еш уақытта ұмытылмайды.

Ауған соғысында жігіттермен қатар нәзік жандыларымыз да ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі - Сибағатова Гүлсім Төлегенқызы. Ол 1965 жылы 5 наурызда Гурьев облысы(қазіргі Атырау), Ембі ауданы (Жылыой), Сағыз елді мекенінде дүниеге келген. 1980 жылы Ақкиізтоғай ауылындағы №10 А.Иманов атындағы орта мектепті үздік бітіріп, 1980-1983 жылдары Гурьев қаласындағы медициналық училищені медбике мамандығы бойынша тәмамдаған. Содан Ақтөбе қаласына жолдамамен барып, облыстық аурухана бөлімшесінде ота жасау-жансақтау бөлімінде медбике болып қызмет атқарған. 1987 жылы өз еркімен Ауғанстан жеріне мамандығы бойынша интернационалдық борышын өтеуге аттанған. Ауғанстан елінде Кандагар, Шинданд гарнизондарында госпитальда оташы бөлімшесінде медбике болып жұмыс атқарды. Талай жас жігіттерді ана дүниеден оралтты, жауған оқтың астында жүріп жараланғандарға , жедел дәрігерлік көмек беріп, бірталай жандарды ажалдан құтқарды. 1989 жылы ақпан айында Кеңес әскерінің соңғы бөлімшесімен бірге елге оралды. Гүлсім «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі және екі бірдей «Ауған халқының алғысы» медальдарымен марапатталды. Әскери шені – прапорщик. Қазір отбасы мен сүйікті балаларының ортасында Ақтөбе қаласында тұрады.

Құрметті жерлестер! Бұл күні (15 ақпан) - Ауғанстаннан ағылған темір табыттар тоқтап, аналар көз жасын көл қылып, балаларын жоқтаған күннің алыста қалып, аналар үшін соғыста болған балаларының елге аман-есен оралып, сағынышпен қауышқан күні. Сонымен қатар бұл күн - Ауған соғысында қаза болғандарды және елге оралғаннан кейін де дүниеден өткен ардагерлерді еске алу күні. Осынау айтулы күнге орай барлық Ауған жауынгерлеріне зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларына аманшылық тілеймін.

Сисен Қонаров,

Ауған соғысы ардагері подполковник.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің №6 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521