Жат ағымға алданба!

Жат ағымға алданба!
Фото: ашық дерек көзінен алынды

№17 жалпы орта білім беретін мектепте суицид, деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында жиналыс өтіп, оған ауыл ақсақалдары мен оқушылар, ұстаздар қатысты.

Онда ауданымыздағы «Шапағат» қоғамдық қорының аудан бойынша теолог маманы Думан Балықшиев әлеуметтік желілерде теріс бағыттағы радикалды мәліметтерді таратып, бөлісіп-жүктегені, рұқсат етілмеген жерлерде діни құлшылықтар жасағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекісінің 453,490 баптарында көрсетілген әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай- ақ, қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теолог маман жауап берді. Ауыл ақсақалдары өздерінің ақыл-кеңестерін оқушылармен бөлісті. Мектебіміздің дінтану пәні мұғалімі О.Жауымбаева оқушыларға діни экстремизм және терроризмнің алдын алу туралы мағлұматтар беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT