Жат ағымда жүргендердің 90 пайызы жастар

Өткен аптада аудан бойынша құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Оны аудан әкімі Азамат Бекет ашып, отырыста қаралатын мәселелерге тоқталды. Алдыңғы кезекте білім беру саласында діни экстремизм мәселелерін жою бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық ақпараттық талдау орталығының басшысы Асланбек Есқайыров баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы жылы орталықтың ұйымдастыруымен 91 шара өткізіліп, 4711 адам қамтылған. 289 адамға теологиялық-психологиялық кеңес берілген. Теологтармен 40 шара, 31 жеке кездесу өткізіліп, нәтижесінде 3 адам оңалтылған.

Жалпы аудан бойынша жат ағымда жүргендердің 90 пайызы жастар көрінеді. Аудан әкімі аталған орталық пен аудандық ішкі істер бөлімі, жастар ресурстық орталығы бірлесіп қауіпті топта тұрған жастарды қоғамдық шараларға тартып, осы бағыттағы оңалту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Келесі кезекте 2017 және 2018 жылдың 11 айында аудан бойынша қылмыстың жай-күйі туралы аудандық полиция бөлімінің басшысы М.Тағаниязовтың баяндамасы тыңдалды.

Баяндамада өткен жылмен салыстырғанда жалпы қылмыс азайған. Дегенмен, ауданда былтырғымен салыстырғанда тонау мен бұзақылық қылмысы өсіп отырған көрінеді. Кәмелетке толмаған балаларды беймезгіл уақытта қараусыз жіберген 14 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аудан әкімінің орынбасары Ф.Ахметова түнгі уақытта мейрамханалар, клубтарда жасөспірімдердің жүруі туралы мәселені көтерді. Жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы А.Чкаров бұл бағытта рейдттік шаралар ұйымдастырылып, 4 факті тіркеліп отырғанын жеткізді.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521