Жылыойда жасырын отбасылық шара жасағандар анықталды

Той

Бүгін 26 тамыз 2020 жылы Жылыой ауданы әкімдігі жанынан құрылған мобильді топпен аралау, бақылау жүргізу барысында Құлсары қаласы, 4 ауыл ықшам ауданында жеке тұрғын үйдің алдында көліктердің көп жиналуы байқалды.

Тұрғын үй иесі шақыртылып, сұратылғанда отбасылық шара (60 жас) өткізіліп жатқаны анықталды.

Карантиндік режимді сақтамаған тұлғадан түсініктеме алынып, аудандық полиция бөлімімен жинақталған жадығат Жылыой аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына шешім қабылдау үшін жолданады.

Жылыой аудандық жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521