«Жасырын тұтынушы» әдісі көп кемшіліктің бетін ашты

Биылғы жылдың қаңтары мен ақпан айы ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығына «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау жүргізді.

Бақылау жүргізу кезінде, ең алдымен, көзге түсетін кемшіліктердің бірі – бұл қызмет алушылардың ұзақ уақыт бойына кезекте тұруы болып отыр. Атап айтатын болсақ, мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, қызмет алушы азаматтардың автокөліктерін тіркеу және есептен шығару үшін құжаттарын тапсырғанда 1-2 сағаттап кезек күтетіндігі анықталды. Мұндай жағдайдың орын алуына орталық қызметкерлері айлығының аздығы бірден-бір себеп болуда. Соның салдарынан қызметке орналасуға ниет білдірген үміткерлер жетіспей, жұмысқа кедергі келтіріп отырғанын атап өткен жөн.

Қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізгенде тағы да бірқатар кемшіліктер анықталды. Соның бірі - «Жүргізуші куәліктерін беру». Бұл мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет алушылардың тек қана В, D1 санаттары бойынша тәжірибелік сынақтан өтуіне мүмкіндігі бар екендігі белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік сатып алу процестері жүргізілуіне байланысты A-A1 санатындағы автокөліктер болғанымен, техникалық жағдайы дайын емес. C1E санатымен жүк автокөлігіне арналған жалғама техникасы бар да, жүк көлігінің өзі жоқ. Ал B1, C1, C, D, BE, CE, D1E, DE санаттарына сәйкес келетін көліктердің мүлдем жоқ екендігі анықталды.

Толығырақ гезетіміздің келесі санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521