«Жасыл елдің» жаңа маусымында мың жас жұмыспен қамтылады

Атырау облысында 10 шілдеден бастап «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Облыс бойынша биылғы еңбек маусымында мың жас жұмыспен қамтылмақ. Оның үш жүзі қала басында болады. Ал, әр ауданда жүз сарбаз жұмыс істейді.

«Жасыл ел» жастар жасағының облыстық жетекшісі Абылай Құрметұлының айтуынша, бүгінде аймақтың табиғатын қорғап, көркейту үшін 700-ге жуық адам өтініш білдіріп үлгерген.

- Жаңа маусымға тіркеу онлайн режимде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өтініш білдіруші 671 адам бар. Бірақ, олардың бәрі бірдей жарамды деген сөз емес. Тіркелушілердің құжаттары қосымша тексерілетін болады. Атап айтар болсақ, жеке куәлік, Kaspi Gold 20 саны, 18 жасқа толмаса ата-анасының рұқсат қағазы керек.

Қазіргі жағдайға байланысты барлық сарбаздар қолғаппен, маскамен қамтамасыз етіледі және арақашықтықты сақтап жұмыс істейтін болады, - дейді Абылай Құрметұлы.

Жоба аясында биыл да әдеттегідей барлық ауданда және қала басында ай сайын #TrushtagAtyrau акциясы ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, облыс жастары арасында экологиялық мәдениет пен ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған кемінде 10 іс-шараны өткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жастар жасағына тіркелу https://docs.google.com/…/1KPK-KwatR2DiRnr-sDvSIhhdE8l…/edit

сілтемесі арқылы жүзеге асады.

Қосымша сұрақтар бойынша +7 702 727 42 00 немесе +7 775 903 94 24 нөміріне хабарласа аласыздар.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика