ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОБАСЫ

Еліміздің «Ұлттық қоры» арқылы 18 жасқа дейінгі балалардың есеп-шотына арнайы қаражат көзі аударыла бастағаны аян. Биылдан бастап алды төленіп, пайдаланып жатқан жастар да бар. Осыған орай қарапайым халық тарапынан түрлі сауалдар да туындайтыны анық. Оған «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалының Құлсары бөлімшесінің басшысы Ғалия Садешова жауап береді.

ҚОСЫМША ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАБЫС ЕСЕПТЕЛЕДІ

- Инвестициялық кіріске байла- нысты "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясындағы төлем сомасы өзгере ме?

Жеңісгүл. Ж.

- Иә. Жыл сайын "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында түрлі сомалар есептелетін болады. Олар Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының алдыңғы 18 жылдағы активтері бойынша инвестициялық кірісінің орташа сомасы мен Бағдарламаға қатысушы балалардың санын негізге ала отырып айқындалады. Бұған қоса, өткен жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануын жалғастыратын болады. Нәтижесінде, оларға қосымша инвестициялық табыс есептеледі.

5 КҮН ІШІНДЕ АУДАРАДЫ

- Нысаналы жинақтарды білім алуға және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алу және аудару алгоритмін толығырақ түсіндіре аласыз ба?

Нұрсұлу.Б.

- Қадамдық әрекеттер алгоритмін былай ұсынуға болады: - 18 жасқа толған бала (НЖ алушы) не оның заңды өкілі (НЖ алушының әрекет ету қабілеті шектеулі болған жағдайда) БЖЗҚ-дан, оның ішінде БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы рұқсат етілген мақсаттарға пайдалануға болатын НЖ сомасы туралы ақпаратты дербес алады. - НЖ алушы немесе оның заңды өкілі оны алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашатын уәкілетті операторға (УО) тізбесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талап- тарын ескере отырып айқындалған құжаттарды қосымша тіркеп, интернет- ресурс не УО-ның ұялы қосымшасы арқылы НЖ төлемін алуға онлайн-өтініш береді.

- Өтініш беру үшін интернет-ресурста немесе уәкілетті оператордың ұялы қосымшасында авторланып, өз жеке кабинетіңізді ашуыңыз қажет. Онда доллармен ашылған банктік шоттың нөмірін, НЖ төлемінің сомасын және пайдалану мақсатын көрсетіп, ЭЦҚ не динамикалық сәйкестендірумен куәландырып, НЖ төлеміне онлайн- өтініш толтыру керек болады.

- УО төлемге арналған өтінішті, нысаналы жинақты алушы немесе оның заңды өкілі берген құжаттарды қарап, мақұлдағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде «БЖЗҚ»-ға төлемге өтініш тіркелгені туралы электрондық хабарлама жібереді.

- «БЖЗҚ» уәкілетті оператордан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оған өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын кейіннен НЖ алушының УО-да ашқан АҚШ долларындағы банк шотына есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, бас тартатындығы туралы хабарлайды.

- НЖ алушысы немесе оның заңды өкілі нысаналы жинақтың сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады. - Уәкілетті оператор нысаналы жинақты алушының құжаттарын ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексереді және НЖ төлемін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.

- НЖ алушы немесе оның заңды өкілі құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаса, УО-дағы жинақ төлемінің сомасы «БЖЗҚ»-ға қайтарылады. Егер алушы өзінің нысаналы жинақтарына кәмелетке толған күнінен бастап 10 жыл ішінде жүгінбесе, онда бұл қаражат «БЖЗҚ»-да оның атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы шотына аударылады. Ал Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткендер Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады. Нысаналы жинақты алушы қайтыс болса, бұл қаражат заң шеңберінде мұраға қалдырылады.

ӨЗ ҚАЛАУЫНША ПАЙДАЛАНАДЫ

-"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде қалыптастырылған жинақтарды мұраға алған қазақстандықтар қандай мақсаттарға пайдалана алады? Нарынбай.Ж.

- "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатысушы қайтыс болса немесе соттың оны "қайтыс болды" деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енсе, нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Жинақты алған мұрагер оны өз қалауы бойынша кез келген мақсатта пайдалануға құқылы. Жалпы бұл бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар мен өзіңізді қызықтыратын сұрақтар мазаласа, онда kids.enpf. kz сайтынан немесе БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына кіріп, жауап алуға болады. Сондай – ақ, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейінгі және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулық БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында төмендегі сілтеме бойынша орналастырылғанын қаперге береміз: https://www.youtube.com/ watch?v=HHQNAxfskX8.

Ғалия САДЕШОВА,

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының

Құлсары қаласындағы қызмет көрсету орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT