Жастардың ықпалы зор

Президент Жолдауында еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және әлеуметтік әділеттілікті нығайту мәселелері басымдыққа ие болды. Жаңа Қазақстанды құруда жастардың атқаратын маңызы зор. Президент елімізде шағын және орта бизнесті қолдау, инвестициялық климатты жақсарту және жаңа жұмыс орындарын ашу туралы нақты жоспарлар ұсынды. 
Сонымен қатар, әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Халықтың өмір сапасын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын қолдау – бұл жолдаудағы негізгі міндеттердің бірі.


Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық – елдің өркендеуінің негізі. Жолдауда белгіленген реформалар әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Жолдауда айқын бағыт-бағдар көрсетіліп, нақты тапсырмалар жүктелді. Ендеше еліміздің болашағы баянды болсын десек, жаңа белестерді бағындыруға жетелеп, ортақ мүддеге топтастыратын Жолдаудың жүйелі орындалуы үшін біз де бірлесе атсалысайық!

Әлібек Амандықов,
Аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT